Білім жаңалықтары
02.07.2025 | 247
Жазғы кезеңде 11 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады
Жазғы кезеңде 11 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады
Шілде және тамыз айларында еліміз бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған курстар жалғасады. Осы кезеңде 11 мыңнан астам педагог білім алады деп жоспарлануда.
Бағдарламалар бастауыш сынып мұғалімдерінен бастап қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндер педагогтеріне дейін қамтиды.Тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық сауаттылық бойынша курстарды таңдады.
Жыл басынан бері мұндай курстардан 31 мыңнан астам мұғалім өтті. Атап айтқанда, ауыл мектептерінің педагогтері белсенділік танытып, олардың үлесі жалпы санның 56 %-ын құрады.
-
-
17.07.2025 | 60
«Мен жұмысшы мамандықты таңдаймын» онлайн-байқауы басталды
-
15.07.2025 | 96
КҮН САНЫ
-
11.07.2025 | 126
Қазақстанда WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары табысты өтті