Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

02.06.2025 | 98

«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елімізде алғаш рет кең ауқымды «Қазақстан балалары» атты онкүндік өтті. Аптаның әр күні балалық шақтың маңызды тақырыптарына – қауіпсіздік, шығармашылық, білім беру және тағы басқа салаларға арналды.
 
Еліміз бойынша жалпы 45 мыңнан астам түрлі іс-шара ұйымдастырылып, оларға 5,6 миллионнан астам бала қатысты.
 
Балалар тақырыбына арналған 2 мыңнан астам материал республикалық және өңірлік телеарналар мен басылымдарда жарияланды. Көптеген балалар жаңалықтар мен бағдарламалардың кейіпкерлері, жүргізушілері мен қонақтары болды. Әлеуметтік желілерде #Қазақстанбалалары хештегімен 100 мыңға жуық жазба жарияланды.
 
Онкүндіктің жарқын сәттерінің бірі – балалардың Ақордаға, Оқу-ағарту министрлігіне экскурсиясы мен «Министрге хат» акциясы болды.
 
Еліміздің барлық өңірінде балалар мен әкімдер, әкім орынбасарлары арасында кездесулер өтті. Ауылдар мен қалаларда мәдени, білім беру және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Фестивальдер, шеберлік сағаттары, ашық сабақтар, кинотеатрларда, театрлар мен мұражайларда тегін көрсетілімдер өтті. Жаңа білім беру нысандары пайдалануға берілді.
 
Онкүндік Оқу-ағарту министрлігі мен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки