Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

02.06.2025 | 81

Колледж студенттері арасында «INNOVATION» республикалық хакатоны өз мәресіне жетті

Колледж студенттері арасында «INNOVATION» республикалық хакатоны өз мәресіне жетті

Шара 14 облыс пен 3 қаладан келген 27 мықты команданың басын біріктірді. Байқауға колледж студенттері мен түлектері, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы жас мамандар қатысты.

Хакатон Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Павлодар облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Talap» КЕАҚ және «Astana Hub» халықаралық технопаркінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қатысушылар екі күн бойы сандық шешімдерді құрды. Бағалау инновациялылық, функционалдылық, UX/UI-дизайн, практикалық қолдану және басқа да он негізгі критерий бойынша жүргізілді.

«INNOVATION» хакатонының қорытындысы бойынша:

1 орынды— Павлодар қаласының Goodbalalar командасы;

2 орынды — Ақмола облысы, Щучинск қаласының «Битый байт» және Алматы қаласының CyberKumbez командалары;

3 орынды — Павлодар қаласының BlinkXES командасы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Aviola командасы және Алматы қаласының Caspian Students командасы иеленді.

Негізгі жүлделерден бөлек арнайы номинациялар бойынша марапаттар табысталды:

«Үздік техникалық шешім» — Алматы облысы Қонаев қаласының Warlock командасы;

«Дизайн шеберлігі» — Алматы қаласының CreaTeam командасы;

«Үздік командалық өзара іс-қимыл» — Астана қаласының ATV Alliance командасы;

«Инновациялық жоба» — Павлодар қаласының DivSync командасы;

«Үздік команда жетекшісі» — Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Edgerunners командасы;

«Креативті шешім» — Қызылорда қаласының ORDA командасы.

Жүлде қоры 3,5 миллион теңгені құрады. Барлық қатысушылар, тәлімгерлер мен команда жетекшілері сертификаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки