Білім жаңалықтары
Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары
05.06.2025 | 64
Қазақстанда балаларға арналған жазғы демалыс және сауықтыру науқаны басталды
Қазақстанда балаларға арналған жазғы демалыс және сауықтыру науқаны басталды
Жазғы каникулдың басталуымен елде балалар үшін сауықтыру, демалыс және еңбек ету жағдайларын ұйымдастыру науқаны басталды. Оның аясында 3,2 миллионнан астам баланы қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жазғы демалыспен әлеуметтік осал санаттағы 500 мыңнан астам бала қамтылады. «Қазақстан халқына» қоры арқылы «Жаздық жолдама» жобасы аясында ауылдық жерлерден шыққан республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына 10 мың жолдама қарастырылған.
Осы жазда еліміз бойынша 10 мыңнан астам лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 17 жыл бойы жұмыс істейтін, 198 маусымдық сауықтыру орталықтары және 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерьлер бар. Балалардың демалысының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында сауықтыру нысандарына қойылатын талаптар алгоритмі әзірленіп, енгізілді. Бұл алгоритмде санитарлық-гигиеналық нормалар мен қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын кезең-кезеңімен қамтамасыз ету шаралары көзделген.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт министрліктерінің тұрақты бақылауында. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі республикалық штаб және өңірлерде жергілікті штабтар жұмыс істейді.
Санитарлық нормалар, тамақ қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ су айдындарында, орман алқаптарында және спорт нысандарындағы жүріс-тұрыс ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді. Сауықтыру орталықтарының бірыңғай тізілімі құрылды.
Жазғы каникул кезеңінде еліміз бойынша 20 жедел желі мен колл-орталық жұмыс істейтін болады. Оған балалар лагерьлерін ұйымдастыру мен жұмысындағы бұзушылықтар анықталған жағдайда ауызша немесе жазбаша түрде өтініштер мен шағымдар жолдауға болады.
-
-
05.06.2025 | 71
Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды
-
03.06.2025 | 84
КҮН САНЫ
-
02.06.2025 | 139
«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты