Білім жаңалықтары
Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары
02.10.2025 | 49
Ұстаздар күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына қосқан елеулі үлесі және ерекше еңбегі үшін бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады
Ұстаздар күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына қосқан елеулі үлесі және ерекше еңбегі үшін бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады
Биыл мемлекеттік марапаттарға тек мектеп мұғалімдері ғана емес, сонымен бірге, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтері, педагогика саласының ардагерлері де бар.
Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер де марапатқа ие болды.
Білім жүйесінің барлық деңгейіндегі педагог мамандарға көрсетілген мұндай құрмет әрбір ұстаз еңбегінің маңыздылығын айқындайды.