Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

02.10.2025 | 51

Төлепова Ләззат Жайшылыққызы – Атырау облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ директоры, «Құрмет» орденімен наградталды

Төлепова Ләззат Жайшылыққызы – Атырау облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ директоры, «Құрмет» орденімен наградталды

Еңбек жолын 1992 жылы Атырау қаласы Ғ.Мүсірепов атындағы № 5 орта мектепте педагог-психолог лауазымында бастаған. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Атырау облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ директоры.  

Ләззат Жайшылыққызы білім беру жүйесінде 31 жылдық тәжірибесі бар практик психолог және дефектолог-олигофренопедагог.

Оол өңір мектептерінде қолданылатын «Қазіргі мектептегі жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері», «Мектептегі алаңдаушылықты анықтау және түзету» қолданбалы курстарының авторы. Брайль әліпбиін оқытуға арналған отандық «Sezual» электронды тренажерінің авторы. Бұл тренажер қазақстандық сарапшылар арасында да, шетелдік мамандар арасында да танылды.

Л.Төлепованың жетекшілігімен мектеп-интернат ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сапалы оқытуға бағытталған инклюзивті білім беруді табысты іске асыруда.

Ләззат Жайшылыққызы — өңірдің инклюзивті және арнайы білімін дамытуға елеулі үлес қосқан жоғары білікті басшы және новатор.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки