Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

02.10.2025 | 51

Омарбекова Айгүл Төлеутайқызы - Абай облысы Геологиялық барлау колледжінің оқытушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Омарбекова Айгүл Төлеутайқызы - Абай облысы Геологиялық барлау колледжінің оқытушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Омарбекова Айгүл Төлеутайқызы еңбек жолын 1984 жылы Семей облысының Семей қаласындағы № 2 орта мектебінде шет тілі мұғалімі болып бастады. 2002 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Абай облыстық білім басқармасының «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК-да ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істейді.

Ол «Геологтарға арналған кәсіби тіл» авторлық бағдарламасын әзірлеуші. Тәжірибелік алаң әзірлеу және колледжде көптілді білім беруді енгізу бойынша жұмыс істеді. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын «Пайдалы қазбалардың кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау», «Пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеудің және барлаудың геофизикалық әдістері» мамандықтары бойынша эксперименттік оқу жоспарының авторы болып табылады.

Омарбекова Айгүл Төлеутайқызы - тәжірибелі және жауапты мұғалім, педагогикалық тәжірибесі мол. Ол білім беру шараларының түрлі деңгейлерінде өзінің кәсіби тәжірибесімен және білімімен әріптестерімен белсенді түрде бөлісіп келеді.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки