Білім жаңалықтары
02.10.2025 | 49
Құдайбергенова Татьяна Сергеевна – Қарағанды қаласының «Школа Будущего "Әділет" балабақша - мектеп кешені» ЖММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Құдайбергенова Татьяна Сергеевна – Қарағанды қаласының «Школа Будущего "Әділет" балабақша - мектеп кешені» ЖММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Еңбек жолын 1993 жылы Кеңес аудандық білім беру бөлімінің № 47 орта мектебінде бастаған. 2013 жылы Заңнама және құқықтық ақпарат институтында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік қызметке ауысқан, онда құқықтық құжаттарды лингвистикалық сүйемелдеумен айналысқан.
2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Парламентінде, Аударма және лингвистикалық сараптама орталығында жұмысын жалғастырды, онда заңнамалық актілердің жобаларын дайындауға және лингвистикалық сүйемелдеуге қатысты.
Қызмет еткен жылдары өзін қазақ тілі, заңнама және аударма саласында жоғары жауапкершілікке және терең білімге ие білікті маман ретінде көрсетті.
2021 жылы «Школа будущего «Әділет» балабақша-мектеп кешені» жеке меншік мекемесінде қазақ тілі оқытушысы, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып, педагогикалық қызметін қайта жалғастырды. Ол оқу бағдарламасын дамытуға, оқытудың заманауи әдістерін енгізуге және білім беру процесінің сапасын арттыруға елеулі үлес қосты.
Татьяна Сергеевна лингвистикалық және басқарушылық құзыреттілікті сәтті үйлестіре отырып, педагогикалық және мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол маман. Өзін білім беру мен тіл саясатын дамытуға елеулі үлес қосқан жауапты және жоғары білікті маман ретінде көрсетті.