Білім жаңалықтары
02.10.2025 | 49
Лукашевич Александр Аркадиевич – Астана қаласындағы «Urban School» ЖШС директоры, «Шапағат» медалімен наградталды
Лукашевич Александр Аркадиевич – Астана қаласындағы «Urban School» ЖШС директоры, «Шапағат» медалімен наградталды
Лукашевич Александр Аркадиевич еңбек жолын «Достық» білім орталығында түрік және орыс тілдерінің мұғалімі ретінде бастаған. Қазіргі таңда Астана қаласындағы «Urban School» ЖШС директоры лауазымын атқарады. Жұмыс барысында үздіксіз кәсіби даму мен заманауи оқыту әдістерін енгізуге ұмтылатын жоғары білікті педагог.
Кәсіби салада 15 жылдан астам түрлі тәжірибесі бар: шетел тілдерін (түрік және ағылшын тілдерін) оқыту, аудармашы қызметі, сондай-ақ беделді білім беру мекемелерінде басқарушылық қызметтер атқарды. 2023-2025 оқу жылдары мектеп директорының басқаруымен білім беру үдерісіне заманауи жасанды интеллект құралдары енгізілді.
Қазақ тілін оқытуда Kashgari.kz және Dana Tiin цифрлық қосымшалары қолданысқа енгізіліп, оқушылардың тілдік құзыретін арттыруға жаңа мүмкіндіктер жасалды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік дағдыларды дамыту мақсатында факультативтік Business Based Learning курсы ашылып, оқу пәндері мен факультативтік сабақтарға кейс-әдіс енгізілді. Мектеп базасында жасанды интеллект тақырыбында қалалық педагогикалық хакатон табысты ұйымдастырылды. Сондай-ақ, директордың бастамасымен оқушылар үшін халықаралық NASA International Space Apps Challenge- 2023 және DigiEduHack-2024 хакатондарының жергілікті кезеңдері өткізілді. Бұған қоса, республика көлемінде алғаш рет оқушылар арасында My Extra Case Competition 2025 кейс-чемпионаты өткізілді. Аталған бастамалар білім беру сапасын едәуір арттыруға, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ мектептің инновациялық білім беру орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етті.