Білім жаңалықтары
02.10.2025 | 57
Ванов Қуантқан Рзаұлы - Маңғыстау облысынан ардагер-ұстаз, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасымен марапатталды
Ванов Қуантқан Рзаұлы - Маңғыстау облысынан ардагер-ұстаз, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасымен марапатталды
Ванов Қуантқан Ырзаұлы еңбек жолын 1974 жылы Маңғыстау облысындағы Е.Айшуақұлы атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Ол еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы математика оқулықтарының авторларының бірі. Оның авторлығымен жарық көрген «Математика–5» (1993) және «Математика–6» (1994) оқулықтары 1993 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан мектептерінде, сондай-ақ шетелдегі қазақ мектептерінде кеңінен пайдаланылды.
1985 жылдан бастап Маңғыстау облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының тұрақты лекторы болып, Қазақстанның бірнеше өңірінде өз әдістемесі мен оқулықтарына негізделген арнайы курстар өткізді.
Ол математика сабақтарына арналған «Демонстрациялық тақта» мен «Бесаспап циркуль» атты авторлық құралдарын ойлап тапқан. Бұл құралдары 1990 жылы Бүкілодақтық өнертапқыштар байқауында Құрмет грамотасына ие болды.
Қуантқан Рзаұлы математиканы оқыту әдістемесінің дамуына елеулі үлес қосқан жаңашыл педагог. Ол терең талдау, шығармашылық ізденіс және заманауи білім беру технологияларын тиімді енгізу қабілетімен танылған талантты ұстаз.