Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

17.05.2026 | 3

Аягөз ауданында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған алғашқы ауқымды технологиялық фестиваль өтті

Аягөз ауданында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған алғашқы ауқымды технологиялық фестиваль өтті

Абай облысының Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды. Мұнда аудан оқушылары робототехника, дрондар, цифрлық және инженерлік жобалар бағыттары бойынша білім алып, тәжірибе жинақтай алады. Станцияның ашылуына орай оның базасында алғашқы шығармашылық және технологиялық фестиваль «Digital Urpaq: Ayagoz 2026» өтті.

Фестиваль бағдарламасына FIRST халықаралық стандарттары бойынша робототехника турнирлері, дрондарды басқару жарыстары, CyberLab зертханасындағы сабақтар, шығармашылық шеберлік сабақтары, сондай-ақ оқушылардың инженерлік және цифрлық жобаларының көрмесі енді. FIRST - оқушылар робот құрастырып, инженерлік міндеттерді шешетін және бірыңғай техникалық ережелер бойынша командада жұмыс істейтін халықаралық жарыстар жүйесі.

Tiny Whoop Drone Race жарысында бірінші орынды Владимир Осипов, екінші орынды Ануар Сагаткенов, үшінші орынды Арлан Искаков иеленді.

Drone Simulator бағытында Ануар Сагаткенов жеңімпаз атанды. Екінші орынды Әлем Демеубаев, үшінші орынды Әділет Көкетай иеленді.

Командалық есепте бірінші орынды Sky Study командасы алды. Екінші орын SrbAir командасына, үшінші орын AITL-DRONE командасына бұйырды.

6-10 жас аралығындағы қатысушыларға арналған FIRST LEGO League Explore санатында Best PIT Award және Core Values Award марапаттарын «АЙТЛ Зерттеуші» және «РОБОСПАРК» командалары алды.

10-16 жас аралығындағы қатысушыларға арналған FIRST LEGO League Challenge санатында бірінші орынды Nova командасы, екінші орынды «Найзағай», үшінші орынды BrainSpark иеленді.

12-18 жас аралығындағы қатысушыларға арналған FIRST Tech Challenge санатында Tuganjer командасы Winning Alliance Captain номинациясында жеңіске жетті. KAP командасы Winning Alliance Partner атанды. Tolgyn командасы Finalist Alliance Captain ретінде, Berkut командасы Finalist Alliance Partner ретінде марапатталды.

Фестиваль Мемлекет басшысының өңірлерде қосымша білім беру жүйесін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында және Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткізілді. Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Qazaqstan Halqyna» қорының қолдауымен «Jasampaz Urpaq» бастамасы аясында жүзеге асырылды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки