Білім жаңалықтары
18.06.2024 | 195
Республикалық Мұқағали оқулары қорытындыланды
Республикалық Мұқағали оқулары қорытындыланды
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 51 оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, жас таланттарды рухани қолдау, шығаршалылықты жандандыру.
Қатысушылар жалпы үш бағыт бойынша сынға түсті:
«Айтып өткен ақында арман бар ма?», «Жыр эстафетасы» және «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» сайысы.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, әр бағыттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды: Бас жүлде – 3 жеңімпазға, I орын – 3, II орын – 6, III орын – 9 жүлдегерге табысталды.
Сондай-ақ, әр номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар тағайындалды.
-
-
01.07.2024 | 116
Ақтөбелік оқушылар галактиканың 3D моделін жасап шығарды
-
28.06.2024 | 128
Қазақстанда мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды
-
27.06.2024 | 124
Еліміздің 17 өңірінде психологиялық қолдау орталығы ашылды
-
26.06.2024 | 139
2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?