Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

19.06.2024 | 153

Ақтауда қазақ диаспорасы балаларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен ХХІ Халықаралық олимпиада басталды

Ақтауда қазақ диаспорасы балаларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен ХХІ Халықаралық олимпиада басталды

19-23 маусым аралығында Ақтау қаласында қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XXI Халықаралық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы бастау алды. Оған Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Иран және Қытайдан 50-ге жуық оқушы қатысуда.

Мұндағы мақсат - қазақ диаспорасы балаларының ана тіліне, әдебиетіне, тарихына қызығушылықтарын ынталандыру және дарынды жас лингвистер мен әдебиетшілерді анықтау.

Олимпиада 3 тур бойынша өтеді: эссе жазу, «Тарихи таным» зерттеу жұмыстарын қорғау, «Өз ұлтымды сүйемін» тақырыбында шығармашылық таныстырылым жасу. Ережеге сәйкес, қатысушы елдердің әрбір командасы 14-18 жас аралығындағы 8 оқушыдан және 2 жетекшіден тұруы тиіс.

Айта кетсек, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады. Ерекше жетістікке қол жеткізген қатысушыларға «Дарын» РҒПО-ның грамоталары мен бағалы сыйлықтары беріледі, ал ең үздіктерге ҚР беделді ЖОО-ның ректорлық білім гранттары табысталатын болады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки