Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

24.06.2024 | 150

Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім - ана тілім» халықаралық олимпиадасында 7 білім беру грантын және 14 медаль жеңіп алды

Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім - ана тілім» халықаралық олимпиадасында 7 білім беру грантын және 14 медаль жеңіп алды

Ақтауда қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты XXI Халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиадаға Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай, Ресей және Ираннан келген 48 дарынды оқушы қатысты. Олар 14 марапатты өзара бөлісті: 6 қола, 5 күміс және 3 алтын медаль.

Жабылу салтанатында олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды.

Қола медаль иегерлері:
1. Дарина Даушева (Ресей, Самара облысы, 8-сынып);
2. Зара Кульмашова (Ресей, Самара облысы, 8-сынып);
3. Айдана Бинамбетова (Ресей, Самара облысы, 8-сынып);
4. Сабина Асқарова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып);
5. Елдос Сақов (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 10-сынып);
6. Бақтығұл Амангылыжова (Түрікменстан, Гарабогаз, 11-сынып) — Маңғыстау облысының Yessenov University білім беру гранты.

Күміс медаль алғандар:
1. Ақжол Оразәлі (Қытай, Шыңжаң, 12-сынып);
2. Аружан Ақылбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып);
3. Ерсұлтан Джорабеков (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып);
4. Гүлсевар Сафаралиева (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 9-сынып);
5. Диляра Әділбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 8-сынып).

Алтын медаль және мемлекеттік білім беру грантына ие болғандар:
1. Мөлдір Нұрлан (Қытай, Шыңжаң, 12-сынып) — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты;
2. Диана Ордабекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты;
3. Балжан Әділбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 9-сынып).

Қосымша мемлекеттік білім беру гранттарына ие болған оқушылар:
1. Сабина Асқарова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Ө.Жәнібекұлы атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің білім беру гранты;
2. Ақжол Оразәлі (Қытай, Шыңжаң, 12-сынып) — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты;
3. Аружан Ақылбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Ө.Жәнібекұлы атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің білім беру гранты;
4. Ерсұлтан Джорабеков (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты.

Олимп️иаданы ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Маңғыстау облысының білім басқармасы және «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығы.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки