01.04.2025 | 34
Білім жаңалықтары
17.03.2025 | 257
Қазақстан колледждерінің «ТОП — 100 студенті» республикалық байқауы басталды
Қазақстан колледждерінің «ТОП — 100 студенті» республикалық байқауы басталды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық «ТОП — 100 студент» конкурсының басталғаны туралы хабарлайды.
Мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің талантты және перспективалы студенттерін анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстан экономикасының түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандардың кадрлық резервін жасақтау.
Байқау үш кезеңмен өткізіледі: • іріктеу кезеңі — колледж ішінде өтеді; • өңірлік кезең — әр колледжден бес студент қатысады; • республикалық кезең —шешуші кезеңде әр аймақтан 10 үздік студент сайысқа түседі.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын сарапшылар: білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес, басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ қызмет көрсету бағыттары бойынша бағалайды
Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ниет білдірген барлық студенттері қатыса алады.
Ұйымдастырушы — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ
-
-
01.04.2025 | 20
Қазақстанда PISA-2025 халықаралық зерттеуі басталды
-
31.03.2025 | 70
МЖМБС-2026 басты өзгерістері
-
27.03.2025 | 146
КҮН САНЫ
-
26.03.2025 | 168
«111» байланыс орталығына 40 мыңнан астам өтініш келіп түсті