01.04.2025 | 36
Білім жаңалықтары
19.03.2025 | 157
Оқу-ағарту министрі Корея Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті
Оқу-ағарту министрі Корея Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Колледждерді интернационалдандыру саласында тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттер мен оқытушылар үшін тағылымдамалар ұйымдастыру, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылының негізгі іс-шараларының бірі - еліміздің 10 колледжін интернационалдандыру болмақ. Негізгі мақсат - олардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру», - деді Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ орта білім беру және корей тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру саласында одан әрі өзара ынтымақтастық құру мүмкіндіктері қарастырылды.
-
-
01.04.2025 | 22
Қазақстанда PISA-2025 халықаралық зерттеуі басталды
-
31.03.2025 | 70
МЖМБС-2026 басты өзгерістері
-
27.03.2025 | 146
КҮН САНЫ
-
26.03.2025 | 168
«111» байланыс орталығына 40 мыңнан астам өтініш келіп түсті