01.04.2025 | 30
Білім жаңалықтары
19.03.2025 | 204
Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді
Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді
ҚР Оқу-ағарту министрі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында өңірлердің тұрғындары бейнеконференцбайланыс режимінде өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Өтініштер мектепке дейінгі және орта білімнен бастап техникалық, кәсіптік және инклюзивті білім беруге дейінгі білім беру жүйесін дамытуға байланысты тақырыптарды қамтыды.
Қабылдау барысында министр келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауап берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жеке бақылауына алынды. Айтылған мәселелерді жедел шешу үшін Министрліктің салалық комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, министр азаматтарды жеке қабылдауды өңірлерде, сондай-ақ Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйінің 16 кіреберісінде орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында да жүргізеді.
-
-
01.04.2025 | 16
Қазақстанда PISA-2025 халықаралық зерттеуі басталды
-
31.03.2025 | 68
МЖМБС-2026 басты өзгерістері
-
27.03.2025 | 146
КҮН САНЫ
-
26.03.2025 | 168
«111» байланыс орталығына 40 мыңнан астам өтініш келіп түсті