01.04.2025 | 26
Білім жаңалықтары
28.03.2025 | 132
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу-ағарту саласының ардагерлер кеңесінің отырысына қатысты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу-ағарту саласының ардагерлер кеңесінің отырысына қатысты
Оқу-ағарту министрлігінің жанынан білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталған кешенді шешімдер әзірлеу мақсатында 2023 жылы Ардагерлер кеңесі құрылған болатын. Мұндай кеңестер еліміздің барлық өңіріндегі білім басқармалары жанында да жұмыс жасауда. Олардың құрамына білім саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған зейнеттегі ұстаздар, қоғам және мемлекет қайраткерлері енген.
Кеңес отырысында білім сапасын арттыру және тәрбие жұмысын күшейтуге бағытталған маңызды мәселелер қаралды. Министр сондай-ақ, жас педагогтерге тәлімгерлік көрсету, кәсіби тәжірибе сабақтастығы, бала тәрбиесіндегі отбасы мен қоғамның рөлі секілді негізгі басымдықтарды атап өтті.
«Сіздер отандық білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қостыңыздар. Бүгін біздің алдымызда – қарқынды дамып жатқан заманда елдің жаңа буынын тәрбиелеу міндеті тұр. Ардагер ұстаздар – біздің қазынамыз. Ұзақ жылдар мол тәжірибесі бар әріптестеріміздің кәсіби көмегіне сенім артамыз. Бірлескен күш-жігерімізбен балаларымыз үшін барынша жақсы жағдай жасаймыз деп сенемін», – деді Ғани Бейсембаев.
Министр Ардагерлер кеңесінің қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өңірлік білім басқармаларының басшыларына олардың педагогикалық ұжымдармен кездесулерін ұйымдастыруды тапсырды.
«Біз өз білімімізбен, тәжірибемізбен бөлісуге әрдайым дайынбыз. Ортақ мақсатымыз – мықты да адал ұрпақ тәрбиелеу. Білім саласының дамуына шын жанашырлықпен алаңдап отырамыз. Ұстаз ретінде ел болашағына бей-жай қарай алмаймыз. Ұрпақ тәрбиелеу ісіне белсене араласу – біздің азаматтық борышымыз», – деді кеңес мүшесі, қоғам қайраткері Күләш Шәмшидинова.
Сондай-ақ жиында педагог мамандығын, ұстаздар әулеттерін дәріптеу туралы ұсыныстар айтылды. Кеңес отырысы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.
-
-
01.04.2025 | 16
Қазақстанда PISA-2025 халықаралық зерттеуі басталды
-
31.03.2025 | 68
МЖМБС-2026 басты өзгерістері
-
27.03.2025 | 144
КҮН САНЫ
-
26.03.2025 | 168
«111» байланыс орталығына 40 мыңнан астам өтініш келіп түсті