Білім жаңалықтары
Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары
31.03.2025 | 105
МЖМБС-2026 басты өзгерістері
МЖМБС-2026 басты өзгерістері
Бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру мақсатында мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (МЖМБС) әзірленді. МЖМБС жобасы екі жыл бойы педагогикалық, сараптамалық қоғамдастықтардың, ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және депутаттармен талқылана отырып жасалды.
МЖМБС жобасында оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілге және білім берудегі инклюзивті тәсілді арттыруға баса мән берілген. Жаңа МЖМБС жобасында пәндер мен сағаттар саны сақталатынын атап өткен жөн.
Білім беру стандарттарын өзектендіру – білім беру саласындағы заманауи үрдістерді ескеруге мүмкіндік беретін жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі қолданыстағы МЖМБС 2016 жылдан кезең-кезеңімен енгізілген болатын. Жаңа МЖМБС апробациясы 2025-2026 оқу жылында басталып, толық іске асыру 2026-2027 жылға жоспарланды.
-
-
01.04.2025 | 84
Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам бала 1-сыныпқа қабылданады
-
01.04.2025 | 92
Еліміздің мектептерінде төртінші тоқсан басталды
-
01.04.2025 | 72
Қазақстанда PISA-2025 халықаралық зерттеуі басталды
-
31.03.2025 | 106
МЖМБС-2026 басты өзгерістері