Білім жаңалықтары
10.04.2025 | 126
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді
Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында оқу-ағарту министрі «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды онлайн қабылдады.
Қазақстандықтар министрге мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби, инклюзиялық білім беру мәселелері бойынша ұсыныстарын білдіріп, сұрақтарын қойды.
Олар шағын жинақты ауылдық мектептердің жұмыс жасауы, мүгедек балалардың білім алуын қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыстар орналастыру, мектептегі тамақтандырудың сапасына және басқа да бірқатар мәселелерге қатысты болды. Сонымен қатар кейбір азаматтардың білім беру ұйымдарындағы еңбек даулары, жетім балаларды қамқорлыққа алу жөніндегі жеке мәселелері бойынша өтініштері де қаралды.
Ғани Бейсембаев барлық өтініштер мен ұсыныстарды ден қойып тыңдап, оларға нақты жауаптар мен тиісті тапсырмалар берді.
Айта кетейік, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 50-ден астам қазақстандықтың қатысуымен 12 жеке қабылдау өткізілді. Қабылдаулар Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберіс мекен-жайында орналасқан арнайы Азаматтарды қабылдау орталығында өткізіледі.
Азаматтарды қабылдау кестесі министрліктің ресми-сайтында қолжетімді.
-
-
18.04.2025 | 55
КҮН САНЫ